Астанада Балқантау көшесіндегі учаске жартылай жабылды

6 Қыркүйек 2021, 21:35
2345
Бөлісу:
Астанада Балқантау көшесіндегі учаске жартылай жабылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Нұр-Сұлтан қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімімен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Балқантау көшесінде жол төсемін орташа жөндеу жұмысын бастайды.

Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.

Осы жылдың 6 қыркүйегінен 25 қыркүйегіне дейін жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Балқантау көшесінде Төлебаев көшесінен Қордай көшесіне дейінгі аралығы көлік қозғалысы үшін ішінара жабылатын болады.

Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз, - делінген көлік басқармасының хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы