Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Астанада балабақша күтушісі балаларды ұрып-соққан

18 Маусым 2025, 13:24
629
Бөлісу:
 видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Елордадағы балабақшалардың бірінде бала күтушісі балаларды ұрып-соққан, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ата-аналардың айтуынша, күтуші балаларды басынан, арқасынан ұрып, жұлқылап, өзге де физикалық күш көрсеткен.

Осыған қатысты елордалық Білім басқармасы пікір білдірді.

Аталған оқиға дерегі бойынша мектепке дейінгі білім беру ұйымының әкімдігі барлық қажетті шараны қабылдады. Тәрбиеленушілерге бала күтушінің физикалық күш қолданғаны бейнебақылау камерасындағы жазба арқылы дәлелденді. Қазіргі уақытта тәрбиешінің көмекшісі тәртіптік жаза қолдану негізінде жұмыстан шығарылды. Материалдар Полиция департаментіне жіберілді. Қылмыстық өндіріс аясында аталған дерек бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп жауап берді Білім басқармасы редакцияның жолдаған сауалына.

Белгілі болғандай, ата-аналар балабақша қызметкерін қатаң жазаға тартуды талап етіп отыр. 

Еске салайық, бұған дейін балабақшада бүлдіршін қайнаған суға күйіп қалған еді.

Өзгелердің жаңалығы