Астанада бала күтуші үй иесінің алтындарын ұрлап кеткен

24 Қаңтар 2024, 23:52
239
Бөлісу:
Астанада бала күтуші үй иесінің алтындарын ұрлап кеткен
Фото: архив

Елордалық полицейлер 1 млн 762 мың теңге сомасында шығынды құрайтын алтын бұйымдар ұрлығын ашты. Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Алматы ауданының ПБ қызметкерлері үйде бала күтуші болып жұмыс істеген 46 жастағы күдіктіні ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, үй иесі хабарландыру бойынша балаларына күтуші тапқан. Ол жұмыста болған кезде күтуші үй иесінің зергерлік (алтын сырғалар, сақина және гауһар білезік) бұйымдарын жымқырып үлгерген. Үй, қожайындарының оралуын күткеннен кейін, ол лезде пәтерден шығып ізін суытқан.

Ұрлық фактісі бойынша тәртіп сақшылары қылмыстық іс қозғап, әйелдің бұрын жасалған осындай қылмыстарға қатыстылығын тексеріліп жатыр. Ол бұрын алаяқтық үшін сотталған болып шыққан

Өзгелердің жаңалығы