Астанада азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі конференция өтеді

18 Қазан 2023, 11:49
353
Бөлісу:
Астанада азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі конференция өтеді
Фото: BAQ.KZ - архив

Астанада ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі конференциясы өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

19-20 қазанда «EXPO» ХКО-да KazAgro/KazFarm-2023 халықаралық ауыл шаруашылығы көрмесі өтеді. Қатысушылар әлемнің жетекші ауыл шаруашылығы концерндерінің озық ауылшаруашылық техникалары мен жабдықтарын ұсынады, сондай-ақ соңғы инновациялық технологиялар мен агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламаларын көрсетеді.

Салалық көрме аясында 20 қазанда ҚР АШМ-нің ұйымдастыруымен ТМД-ға мүше мемлекеттердің азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастық жөніндегі министрлік конференциясы өтеді. 

Сондай-ақ бағдарлама аясында жетекші сала мамандарының, ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен инновациялық орталықтарының басшыларының қатысуымен семинарлар, презентациялар, бизнес-миссиялар қарастырылған.

Өзгелердің жаңалығы