Астанада аялдаманы талқандаған ер адам жауапқа тартылды

22 Қараша 2023, 22:25
454
Бөлісу:
Астанада аялдаманы талқандаған ер адам жауапқа тартылды
VIDEO
Фото: Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты

Астанада жылы аялдаманың әйнегін сындырған ер адам жауапқа тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астанада Біржан сал көшесінде белгісіз адам жылы аялдаманың әйнегін сындырып кетті. Бұл туралы полицияға хабарланды. Вандализм әрекетін жасаған адам табылып, жауапқа тартылды.

Оқиға орнына жедел түрде автопатруль келді.

Аялдаманың әйнегін сындырған адам 18 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Оған қатысты вандализм үшін ӘҚБтК-нің 147-1-бабы және ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Бұл 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға не 5 тәуліктен 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады. Жиналған материал шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді, ал құқық бұзушы уақытша ұстау камерасына жеткізілді, - делінген хабарламада.

Жыл басынан бері елорда полициясының қызметкерлері вандализмнің жүзден астам фактісін анықтады. Елорданы екі мыңнан астам полиция қызметкері күнделікті патрульдейді.

Айта кетейік, Астанада жыл басынан бері еріктілердің, белсенділердің, танымал спортшылардың, қала тұрғындарының қолдауымен «Тоқта, вандал» акциясы жұмыс істейді.

Акция аясында қалада күндізгі және түнгі рейдтер өткізіледі, халық арасында қоғамдық тәртіпті сақтау қажеттілігі туралы түсіндіру жүргізіледі.

Өзгелердің жаңалығы