Астанада автобус карталары қымбаттайды

26 Желтоқсан 2022, 18:33
1118
Бөлісу:
Астанада автобус карталары қымбаттайды

3 қаңтардан бастап «TRANSCARD» көлік карталары қымбаттайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Дербестендірілген (жеңілдікті және мектеп) көлік карталарын бастапқы шығару құны – ҚҚС-пен бірге 1000 теңге (бұрынғы бағасы 800 теңге), қайта шығару құны ҚҚС-пен бірге 2000 теңге (бұрынғы бағасы 1500 теңге). Дербестендірілмеген көлік карталарының құны – ҚҚС-пен бірге 1000 теңге,  - делінген хабарламада.

Құнның өсу себебі көлік карталарының сатып алу құнының едәуір өсуіне байланысты. Сонымен қатар, биылғы жылы қолданыстағы жабдықтың тозуына байланысты көлік карталарын басып шығару жөніндегі мамандандырылған касса жабдығын жаңғырту жүргізілді.

Айта кетейік, 2020 жылдың наурыз айынан бастап елорданың барлық кәмелетке толмаған тұрғындары үшін қоғамдық көлікте жүру тегін. Сонымен бірге, сапар кезінде көлік картасын растау қажет - бұл жолаушылар ағынын көруге және басым бағыттарды анықтауға мүмкіндік береді.

Өзгелердің жаңалығы