Астанада авто және мотоспорт маусымы ашылды

28 Мамыр 2023, 21:50
728
Бөлісу:
Астанада авто және мотоспорт маусымы ашылды
Фото: видеодан скриншот

Биыл елордадағы авто, мотоспорт маусымы дәстүрлі дерби жарысымен ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл жарыс түрі алғаш рет Америка Құрама Штаттарында бастау алып, күллі әлемге танылды. Ал Астанада екінші жыл қатарынан өткізіліп келеді. Додаға 12 үміткер қатысты. Жарыс ережесі бойынша жүргізушілер бірінен бірі оза түсіп, қарсыластың темір тұлпарын тоқтату үшін дөңгелегін немесе қозғалтқышын істен шығаруы тиіс. Көлігіне ең аз залал келген автошабандоз жеңімпаз атанады. Техника міндетті түрде артқы жетекті болуы шарт. Ұйымдастырушылар алдағы уақытта ел аумағында осындай шоу өткізгісі келеді.

Ереже бойынша бетпе-бет және жүргізуші отырған есіктен соқтығысуға болмайды. Көліктің шанағы мен ішкі салоны темір жақтаулармен бекітілуі тиіс. Жүргізуші міндетті түрде шлем киіп, өрт сөндіру құрылғысын өзімен бірге алып отыруы қажет. Терезедегі әйнектің орнына темір тор орнатылады, - дейді ұйымдастырушы Анатолий Бондарь.

Өзгелердің жаңалығы