Астанада ауа райына байланысты ұшақ рейстері кешігіп жатыр

30 Желтоқсан 2023, 10:26
927
Бөлісу:
Астанада ауа райына байланысты ұшақ рейстері кешігіп жатыр
Фото: Архив BAQ.KZ

Қазіргі уақытта ауа райының қолайсыздығына байланысты 27 рейс кешігуде, деп хабарлайды BAQ.KZ азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

Халықаралық әуежайдың аэродромы 9.30-дан түскі 12.00-ге дейін жабылды.

Рейстердің кешігуі жолаушылардың ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жасалды. Кешіктірілген рейстер келесі рейстердің кешігуіне әкелуі мүмкін, осыған байланысты жолаушыларға әуекомпаниялардың анықтамалық қызметтерінде рейстің мәртебесі мен ұшу уақытын алдын ала анықтау қажет", - делінген хабарламада.

Комитеттің хабарлауынша, әуе компанияның кінәсінен рейс кешіктірілген жағдайда, жолаушыларға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген кешігу ұзақтығына байланысты қызметтер (салқын сусындар, ыстық тамақ, қонақүйде орналастыру) ұсынылады.

Өзгелердің жаңалығы