Астанада әскерге шақыру науқаны қызу жүріп жатыр

6 Сәуір 2023, 19:44
1289
Бөлісу:
Астанада әскерге шақыру науқаны қызу жүріп жатыр
PHOTO
Фото: Сырым РАХИМБЕКОВ

Бүгін елордада Десанттық-шабуылдау әскерлеріне шақырылушыларды шығарып салу рәсімі өтті, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Астана қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің бастығы Медет Тұрыскелдиевтің айтуынша, әскери бөлімдер қажетті мамандықтар бойынша жасақталып жатыр. Сондықтан әскерге шақыру науқанында жастардың білім деңгейіне, психологиялық және физикалық дайындығына ерекше назар аударылады.

Астанада әскерге шақыру науқаны қызу жүріп жатыр

Қазіргі кезде 40 астаналық жігіт Қонаев гарнизонының Десанттық-шабуылдау бригадасына қызметке аттанады. Әскердің бұл түрінде қызмет ету әрқашан беделді болатын. Себебі десантшы болу үшін қатаң іріктеуден өту керек. Бүгін әскерге аттанып бара жатқан жеткіншектер ол жақта күш жинап, нағыз дос тауып, Отанының нағыз қорғаушысы болатынына сенімдімін, - дейді Медет Тұрыскелдиев.

Астанада әскерге шақыру науқаны қызу жүріп жатыр

Оның айтуынша, осы уақытқа дейін Астана қаласынан 200-ге жуық жас азамат еліміздің шекара қызметінде борышын өтеуге аттанып кеткен.

Астанада әскерге шақыру науқаны қызу жүріп жатыр

Еске сала кетейік, Президенттің жарлығына сәйкес мерзімді әскери қызметке шақыру биылғы 1 наурызында басталды. Заңнама бойынша әскерге 18 жастан 27 жасқа дейінгі жастар шақырылады.

Астанада әскерге шақыру науқаны қызу жүріп жатыр

Ел бойынша 1 наурызда басталған көктемгі шақыру науқаны 1 шілдеге дейін жалғасады. Осы кезеңде Қарулы Күштер мен басқа да әскери құралымдарға барлығы 18 мыңнан астам қазақстандық шақырылады.

Өзгелердің жаңалығы