Астанада әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлері марапатталды

30 Қазан 2022, 12:50
1032
Бөлісу:
Астанада әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлері марапатталды

Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні қарсаңында бірнеше қызметкер марапатталды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Бұл туралы қалалық әкімдіктің ресми сайты жазады.

Қазанның соңғы жексенбісінде Қазақстан Республикасында Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні атап өтіледі. Бұл мерекеде алғыс сөздер әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін дамытуға ерекше үлес қосқан қызметкерлерге арналды. Әлеуметтік саланың барлық қызметкерлерін Астана әкімінің орынбасары Ерлан Бекмурзаев құттықтап, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мен Астана әкімі Алтай Көлгіновтің атынан жылы лебіздерін білдірді.

Құрметті әріптестер, қала әкімінің атынан және өз атымнан Сіздерді мерекемен, әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күнімен құттықтаймын! Әлеуметтік қызметкерлердің күнделікті еңбегі-мемлекеттің өз азаматтарына қамқорлығының көрсеткіші. Мұндай мерекенің болуы Сіздің қиын жанқиярлық жұмысыңызға шынайы құрметтің барын көрсетеді. Бұл жақсы дәстүр бәрімізге жанашырлық пен өзара көмек қажет екенін еске салуы керек. Сіздерді осы тамаша күнмен құттықтаймын! - деді спикер.

Қазіргі уақытта елордада сегіз арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді, онда экономикалық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер көрсетіледі. Мұнда мүгедектігі бар адамдарға өмірдің дәмін татуға, балаларға аяғынан тұруға және алғашқы қадамдарын жасауға көмектеседі. Жалпы, мемлекет тарапынан көмекке мұқтаж адамдардың өмірін жеңілдетеді.

Біз бұл шараны әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлерін марапаттау үшін ұйымдастырдық. Әрине, олар үшін ең жақсы марапат – көмек көрсетілгендердің алғысы, бірақ біз олардың маңызы зор жұмысы үшін мемлекет атынан да ризашылығымызды білдіргіміз келеді. Қызметкерлеріміздің барлық туыстары мен жақындарына денсаулық тілеймін. Біздің жұмысымыз үлкен шыдамдылық пен төзімділікті қажет ететіндіктен Сіздерге шыдамдылық тілеймін.
Қызмет алушылар тарапынан әрқашан түсіністік болсын. Олардың әрқайсысының өз проблемалары бар және олар біздің жылы көзқарасымыз бен қамқорлығымызды қажет етеді. Сіздерге сергектік тілеймін, және біздің қызметкерлеріміздің көздері тек бүгін ғана емес әрдайым бақыттан жарқырай берсін!- деп атап өтті Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Илья Скуб.

Астанада әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлері марапатталды

Іс - шара барысында әлеуметтік қорғау саласының үздік мамандары Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің "Әлеуметтік-еңбек саласының үздігі", "Еңбек ардагері" ведомстволық наградаларымен, Астана әкімінің грамоталарымен, елорда басшысының және әкім орынбасарының алғыс хаттарымен марапатталды. Сонымен қатар, іс-шараға ардагерлер, әлеуметтік қорғау бөлімдерінің басшылары, әлеуметтік қызметкерлер және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Айта кетейік, бүгінде елорданың әлеуметтік қорғау жүйесінде 1300-ден астам әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді. Әлеуметтік қызметкерлер күн сайын мыңдаған зейнеткерлер мен мүгедектігі бар 3000 балаға қамқорлық пен көңіл бөледі.

 

Өзгелердің жаңалығы