Астанада аквариум жөнінде халықаралық конференция өтеді

20 Қыркүйек 2023, 20:09
755
Бөлісу:
Астанада аквариум жөнінде халықаралық конференция өтеді
Фото: Елорда әкімдігі

Астанада 21 қыркүйек күні Rixos President қонақүйінде тарихи маңызды, аквариумистика саласындағы І Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Конференция астаналық «Айланд» океанариумының бастамасымен ұйымдастырылады және теңіздегі гидробионттарын жасанды жағдайда зерттеу, сақтау, тіпті өсіру саласындағы ғылымның дамуына ықпал етеді.

«Океанариумдарды дамытудың халықаралық тәжірибесі және келешегі» тақырыбындағы дөңгелек үстел теңіз гидробионттарын зерттеу және олармен жұмыс жүргізу саласындағы шетелдік жетекші мамандар мен сарапшылардың басын қосады. Сондай-ақ күн сайын акулалар және өзге де ірі жыртқыштармен тікелей байланыста тәуекелмен жұмыс істейтін аквариумистика және сүңгуірлік қызметтің мамандары да қатысады.

Шетелдік мамандар ғылыми-практикалық жұмыстағы тәжірибелерімен бөліседі.
Елордалық океанариум ұжымы медузалар және өзге балық түрлерін өсіру бойынша жасалған сәтті жобаны ұсынып, гидробионттардың «шетелдік» түрлерін тасымалдау, сақтау, бейімдеу кезеңіндегі жұмыстың қиындықтары туралы талқыға салады. Астана океанариумы – Гиннестің рекордтар кітабына енгізілген, теңізден 3 мың км қашықта орналасқан әлемдегі бірегей океанариум.

Балықтар мен жануарларды тасымалдау қиындығына қарамастан, біздің ихтиопатология қызметі балық түрлерін жақсы бейімдейді және сақтайды.

Көптеген гидробионттар (акулалар, тасбақалар, паку пираньялар, жыртқыш каранкстар, табандар және т.б.) орталық ашылғаннан бері тіршілік етеді.

Жыл сайын астаналық оеанариумға әлемнің 35 елінен жарты миллионнан астам адам келеді. 2023 жылдың соңына дейін теңіз мекендеушілерінің жаңа түрлері қойылған тағы 2 аквариум көрмесін ашу жоспарланып отыр.

Конференцияда мынадай спикерлер сөз сөйлейтін болады:

- Биология магистрі Коробков Александр Васильевич, Океанариум оқу орталығының басшысы, Санкт-Петербург қаласы, Ресей
- Майнцер Ирина Валерьевна, «Москвариум» Океанография және Теңіз биологиясы орталығының биологиялық қызметінің жетекшісі, Мәскеу қаласы, Ресей
- Селезнева Любовь Васильевна, ихтиопатолог, «Айланд» ОДО Директорының Кеңесшісі, Астана, Қазақстан
- Индонезиядан арнайы қонақ (онлайн формат) Sivanaesan Nadarajan, CV компаниясы. Дүние жүзіндегі океанариумдарға лицензия бойынша гидробионттарды аулайтын Лима Мутиара Индомал.

Өзгелердің жаңалығы