Астанада 9 қабаттан 2 жасар бүлдіршін құлап кетті

8 Шілде 2023, 01:25
2198
Бөлісу:
Астанада 9 қабаттан 2 жасар бүлдіршін құлап кетті
Фото: ашық дереккөз

Астанада 2 жасар бала 9-қабаттың терезесінен құлап, көз жұмған, деп хабарлады BAQ.KZ.

Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, екі жастағы ұл бала оқиға орнында қайтыс болған.

Қайғылы жайт кезінде баланың анасы үйде болған. Ол кішкене балаға айналып кеткенде екі жастағы ұл терезеден құлаған.

Астана қаласының полиция департаменті баланың терезеден құлауын болдырмау үшін мынандай сақтық шараларын қабылдау керегін айтып отыр:

• балалы үйден терезені ашық ұстамау;

• шыбын тұтатын торға баланы құлаудан сақтайтын қорғаныш деп қарамау;

• бала терезені өз бетімен аша алмайтын арнайы құрылғылар орнату;

• кез келген жиһазды терезеге жақын қоймау.

Өзгелердің жаңалығы