Астанада 56 стихиялық орын жойылды

1 Тамыз 2023, 19:31
871
Бөлісу:
Астанада 56 стихиялық орын жойылды
PHOTO VIDEO
Фото: Елорда әкімдігі

Астанада стихиялық қоқыстарды жою және рұқсат етілмеген орындарда қоқыс төгетіндерді жауапкершілікке тарту бойынша белсенді жұмыс жүріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Биыл қалада 56 стихиялық орын жойылды. Рұқсат етілмеген орындардан 47 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды. Жергілікті полициямен бірлесіп, құқық бұзушыларды анықтау бойынша тұрақты рейдтік іс-шаралар жүріп жатыр. 

Астанада 56 стихиялық орын жойылды

Осылайша, жыл басынан бері 1700-ден астам құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, олардың ішінде 134 құрылыс компаниясы мен 89 қызмет көрсету ұйымы бар.

Қоқысты жинау үшін экополигонға жақын аумақ белгіленді. Онда қалдықтарды уақытша алаңға қабылдау жұмысы жүргізіліп жатыр. Аудан әкімдіктері мұнда 3600 тоннадан астам қоқыс жеткізді.

Астанада 56 стихиялық орын жойылды

Бүгінгі күні елордада жұмыс істейтін құрылыс компанияларының бәріне құрылыс қалдықтарын «Солтүстік жотаға» және ҚТҚ полигонына жеткізу, құрылыс алаңдары аумағында қоқысты бөлек жинауға арналған контейнерлер орнату және онда экологиялық кодекс талаптарының сақталуына қатысты хабарламалар жіберілді.

Өзгелердің жаңалығы