Астанада №42 және №53 бағдарларының қозғалысы өзгереді

7 Маусым 2024, 19:49
362
Бөлісу:
Астанада №42 және №53 бағдарларының қозғалысы өзгереді
PHOTO
Фото: CTS

Астанада 8 маусымнан бастап №42 және №53 бағдарларының қозғалыс сызбалары өзгереді,деп хабарлайды BAQ.KZ CTS-ке сілтеме жасап хабарлайды.

№42 бағдардың қозғалыс сызбасы Тұран даңғылымен «Астана жұлдызы» стеласы айналма жолы арқылы жүретіндей етіп өзгереді. Осылайша «Cosmic City», «Будапешт» ТК қоғамдық көлікпен қызмет көрсетуді жақсартуға септігін тигізеді.

Астанада №42 және №53 бағдарларының қозғалысы өзгереді

№53 бағдар қозғалыс сызбасы «Куршевель» ТК аялдамасына дейін ұзартылады. «Куршевель» ТК тұрғындарына қоғамдық көлікпен қызмет көрсетуді жақсартады.

Астанада №42 және №53 бағдарларының қозғалысы өзгереді
Өзгелердің жаңалығы