Астанада 2400 оқушыға арналған жаңа мектеп ашылды

8 Ақпан 2024, 18:54
379
Бөлісу:
Астанада 2400 оқушыға арналған жаңа мектеп ашылды
PHOTO
Фото: jenis_qasymbek/ Instagram

Астанада он екінші жаңа мектеп ашылды. №36 мектеп Сарыарқа ауданындағы Қарасай батыр көшесінің бойында орналасқан. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осыған дейін балалар 90 жыл бұрын салынған мектепте оқып жүрген. Қазір оқушылар жайлы оқу орнында білім алып жүр.

Жаңа мектеп екі ауысымда 2400 оқушыға арналған. Оқу орны заманауи оқу кабинеттерімен жабдықталған. Сондай-ақ, спорт және акт залдары, медициналық кабинет, кітапхана, балалар алаңдары және т.б. бар.

Астанада 2400 оқушыға арналған жаңа мектеп ашылды

Осылайша, қазіргі оқу жылында 12 мектеп ашылды. Оқу жылының соңына дейін тағы 3 мектеп ашамыз. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қалада «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асырамыз. Жоба аясында 2024-2025 жылдар аралығында 90 мыңға жуық оқушы орнына (2 ауысымды) арналған жаңа форматтағы 24 мектеп саламыз. Олардың 15-і қарқынды дамып келе жатқан Есіл мен Нұра аудандарында орналасатын болады, - деді Жеңіс Қасымбек.

Астанада 2400 оқушыға арналған жаңа мектеп ашылды

Қала әкімінің айтуынша, 2027-2028 жылдарға дейін 200 мыңға жуық оқушыға арналған 80 мектеп салуды жоспарланған.

Өзгелердің жаңалығы