Астанада 18 мотоциклшіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды

13 Мамыр 2023, 21:13
1406
Бөлісу:
Астанада 18 мотоциклшіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды
Фото: BAQ.KZ

Елордалық полицейлер 2023 жылғы мотоцикл маусымының ашылуы қарсаңында мотоциклшілерге үндеу жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары! Жолдарда жалпы мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру және жол қозғалысына қатысушылардың, оның ішінде мотоцикл жүргізушілерінің қырағылығын қалыптастыру мақсатында елордалық полицияның эскорт взводының қызметкерлері профилактикалық іс-шаралар жүргізуде. Өткен тәулікте елордада 1276 жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі анықталып, оның ішінде 18 мотоциклшіге қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды. Коммуналдық тұраққа 8 мотоцикл қойылды.

Экстремалды сезім әуесқойларына мотоциклдің икемсіз қолда көлік құралының ең қауіпті түрлерінің бірі болып табылатынын ескертеміз. Есіңізде болсын, мотоциклмен қауіпсіз жүрудің шешуші шарты - жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау болып табылады, - деді Астана қаласы ПД бастығының бірінші орынбасары Дәурен Қазбеков.

Сондай-ақ көлікті мас күйінде басқарған 14 жүргізуші анықталды. Бір жүргізуші ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабы «Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік күйдегі адамның көлік құралын басқаруы» бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Полицейлер түнгі уақытта Аққорған көшесін патрульдеу кезінде ««Chevrolet» маркалы автокөлікті тоқтатты. Көлік құралын 36 жастағы елорда тұрғыны басқарған. Құжаттарды тексеру кезінде көлік салонынан алкогольдің өткір иісі шыққан. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, әйел адам жеңіл дәрежедегі мас күйінде болған.

Автоханымның 2022 жылы көлікті басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, көлікті қала ішінде мас күйінде тізгіндегені анықталды. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 346 бабы бойынша қылмыстық іс тіркеліп, көлік коммуналдық тұраққа қойылды.  

Полицейлер жүргізушілердің заңға қайшы әрекеттерін, атап айтқанда, жол қозғалысы ережелерін бұзуына куә болған азаматтардан полицияға немесе 102 мобильді қосымшасына хабарласуды сұрайды.

Өзгелердің жаңалығы