«Астана Банкі» салымшыларының ақшасын қашан қайтаратыны белгілі болды

10 Қаңтар 2019, 11:14
2311
Бөлісу:
«Астана Банкі» салымшыларының ақшасын қашан қайтаратыны белгілі болды

Астана, baq.kz.  «Астана Банкі» АҚ салымшыларының өтініштерін қабылдауды және өтемақы төлеуді 2019 жылғы 26 қаңтардан бастап 26 шілдеге дейінгі алты ай ішінде жүргізетін болады.

2019 жылғы 9 қаңтарда Алматы қалалық соты Алматы қаласы Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2018 жылғы 26 қарашадағы «Астана Банкі» АҚ-ты мәжбүрлеп тарату туралы шешіміне алты заңды тұлғаның және үш жеке тұлғаның 13 – 16 желтоқсан аралығында берген шағымдарын қанағаттандырусыз қалдырды. Осылайша, МАЭС-тың 2018 жылғы 26 қарашадағы «Астана Банкі» АҚ-ты мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енді.

Жеке тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің «Астана Банкі» АҚ-тағы салымдарда, ағымдағы шоттарда және төлем карточкаларында орналастырылған ақшасының өтелуіне құқығы бар. Өтемақы Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының (ҚДКҚ) ақшалай қаражатынан жинақталған сыйақыны есептегенде банктік шоттағы немесе төлем карточкасындағы салым, ақша қалдығының сомасы шегінде, бірақ мынадай депозиттер бойынша кепілдіктің ең жоғары сомасынан аспайтын мөлшерде төленеді:

·               10 миллион теңге – ұлттық валютадағы депозиттер бойынша,

·               5 миллион теңге – шетел валютасындағы депозиттер бойынша,

·              15 миллион теңге – бір салымшының «Астана Банкі» АҚ-та бірмезгілде теңгемен және шетел валютасында орналастырылған депозиттері бойынша (бірақ шетел валютасындағы депозит бойынша баламасы 5 миллион теңгеден аспайды).

Сыйақы 2019 жылғы 9 қаңтардағы жағдай бойынша капиталдандырылған сыйақы (салымдарды, банктік шоттарды немесе төлем карточкаларын қоса алғанда, депозиттік шоттарға төленген) сомасының шегінде өтеледі. Шетел валютасындағы депозиттер бойынша өтемақы теңгемен төленеді: өтемақының сомасын есептеу үшін 2019 жылғы 9 қаңтардағы нарықтық айырбастау бағамы қолданылады.

Агент банк – «Еуразиялық банк» АҚ пруденциялық нормативтерді бұзбаған, қаржылық жағдайы тұрақты және орнықты, Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінде салымшыларға қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін кең тараған филиалдық желісі мен инфрақұрылымы бар банктердің ішінен таңдалды. ҚДКҚ арнайы резервтің қаражаты есебінен агент банк «Еуразиялық банк» АҚ-ты «Астана Банкі» АҚ-тың салымшыларына өтемақыны төлеу үшін банктің барлық 275 мың салымшысына төлем жасауға 37,5 миллиард теңге мөлшерінде ақшалай қаражатпен қамтамасыз етеді.

«Астана Банкі» АҚ салымшыларының өтініштерін қабылдау және өтемақы төлеу «Еуразиялық банк» АҚ-тың Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінде орналасқан барлық 17 филиалы мен 126 бөлімшесінде 2019 жылғы 26 қаңтардан бастап 26 шілдеге дейінгі алты ай ішінде жүргізілетін болады.

«Астана Банкі» АҚ салымшыларының өтініштерін қабылдауды және өтемақы төлеуді агент банк «Еуразиялық банк» АҚ-тың Қазақстан Республикасындағы барлық филиалдары мен бөлімшелерінде сенбі күні, 2019 жылғы 26 қаңтарда бастайды, 27 қаңтарда жалғастырады. Дүйсенбі, 28 қаңтардан бастап 26 шілде аралығындағы кезеңде агент банк «Астана Банкі» АҚ салымшыларына төлемді агент банк ретінде бөлімшелері мен филиалдарының әдеттегі жұмыс режимінде жүргізетін болады.  

26–27 қаңтарда «Еуразиялық банк» АҚ-тың филиалдары мен бөлімшелерінде «Астана Банкі» АҚ салымшыларына ғана қызмет көрсетілетін болады.

 26 қаңтарға дейін агент банк филиалдары мен бөлімшелерінің таратылатын «Астана Банкі» АҚ салымшыларының өтініштерін қабылдауға, оларды қарауға немесе өтемақы төлеуге құқығы жоқ.

 «Астана Банкі» АҚ салымшылары өтемақы алу үшін агент банктің кез келген бөлімшесіне немесе филиалына жеке басын куәландыратын құжатпен өтініш жасауы қажет. Салымшыларды сәйкестендіру жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) бойынша жүзеге асырылады, сондықтан «Астана Банкі» АҚ салымшыларының құқықтарын растау үшін банктік салым шарты немесе кіріс касса ордерлері талап етілмейді. «Астана Банкі» АҚ салымшысы өкілінің нотариатта куәландырылған сенімхат бойынша өтініш беруіне және оған өтемақы төлеуге рұқсат етіледі.

2019 жылғы 9 қаңтарда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі «Астана Банкі» АҚ тарату комиссиясын тағайындады. ҚДКҚ және «Астана Банкі» АҚ тарату комиссиясы «Астана Банкі» АҚ салымшыларына өтемақы төлеуді қамтамасыз етуге арналған мынадай іс-шараларды белгіленген мерзімде орындауға кірісті:

·                    ҚДКҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің арнайы шотында 37,5 миллиард теңге көлеміндегі ақшаны резервке қойды, ол «Астана Банкі» АҚ-тың 275 мың салымшысының әрқайсысының алдындағы міндеттемелер толық көлемде төлену үшін агент банкке аударылады.

·                    «Астана Банкі» АҚ-тың тарату комиссиясы «Астана Банкі» АҚ-тың 275 мың салымшысының әрқайсысының алдындағы міндеттемелер тізілімін теңгенің шетел валютасына қатысты сот шешімі заңды күшіне енген күнгі нарықтық айырбастау бағамының өзгеруін, салымдар бойынша сыйақы есептеуді және капиталдандыруды, депозиттердегі, оның ішінде шоттардағы және төлем карточкаларындағы ақшаны өзара есепке алуды, салымшылардың кредиттер, өсімпұлдар, айыппұлдар, тұрақсыздық айыбы және комиссиялар бойынша банк алдындағы ақшалай міндеттемелеріне қатысты салымшыларды, сондай-ақ банк лицензиясынан айырылғаннан кейін түскен ақшаны салымшылардың шотына есептеуді ескере отырып қалыптастырады;

·                    тарату комиссиясынан тізілімді алғаннан кейін ҚДКҚ деректерді тексереді және «Астана Банкі» АҚ-тың салымшыларына өтемақы төлеу үшін агент банкке тізілімді беруді қамтамасыз етеді;

·                    агент банк және ҚДКҚ агент банктің барлық филиалдары мен бөлімшелерінде «Астана Банкі» АҚ-тың салымшыларына өтемақы төлеуге дайындық жүргізеді. Бөлімшелерде және колл-орталықта, агент банктің өз клиенттері үшін қолайлы әрі қауіпсіз қызмет көрсетуді сақтау үшін, сондай-ақ «Астана Банкі» АҚ мен агент банк клиенттері үшін кезектің және қолайсыздықтың алдын алу үшін ақшаны беру рәсімдері жылдам жүргізіліп, агент банк бөлімшелерінің жұмыс режимі қайта қаралады, қосымша бөлімшелер дайындалады.    

Барлық іс-шаралар 2019 жылғы 26 қаңтарға дейін аяқталатын болады.

«Астана банкі» АҚ-тың салымшылары ақшаны агент банктің кассасынан қолма-қол немесе қолданыстағы банктік шотқа қолма-қол ақшасыз аудару арқылы ала алады. «Астана Банкі» АҚ-тың салымшылары агент банктің қолданыстағы депозиттік бағдарламалары бойынша өтемақы сомасына агент банкте депозит немесе шот аша алады. Агент банк салымшылар үшін басымдық белгілеуге немесе өтемақы алу тәсілін еркін таңдауға кедергі келтіруге құқылы емес.

Агент банкке 2019 жылғы 26 қаңтарға дейін өтініш бермеген салымшылар агенттік келісімнің қолданылуы аяқталғаннан кейін тиісті өтінішті тікелей ҚДКҚ-ға бере отырып, өтемақы алуға құқылы.

Агент банкте өтемақы алумен қатар, депозит сомасы кепілдік сомасынан артық немесе есептелген (капиталдандырылмаған) сыйақы бойынша талаптары бар салымшылар «Астана Банкі» АҚ-тың тарату комиссиясына кепілдікпен өтелмейтін сомада өзінің талабын қоюға құқылы.

Өтемақы алу тәртібі, құжаттардың тізбесі, депозиттер бойынша кепілдіктің ең жоғары сомасы туралы, сондай-ақ агент банктің барлық қалалардағы филиалдары мен бөлімшелерінің мекенжайлары, өтініштерді қарау мерзімдері мен тәртібі туралы жалпы ақпаратты «Еуразиялық банк» АҚ-тың www.eubank.kz ресми веб-сайтынан және мынадай телефондар бойынша агент банктің анықтамалық қызметінен алуға болады: +7 (727) 332 77 22, +7 (771) 000 7722, +7 (700) 000 7722, +7 (702) 010 7722.

Депозиттер бойынша кепілдік туралы жалпы ақпаратты және «Астана Банкі» АҚ-тың салымшыларына төлемдер төлеудің барысы туралы жаңартылған ақпаратты Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының www.kdif.kz веб-сайтынан алуға болады. Салымшылар консультация алу үшін @kdif_ask Телеграм-чатқа, Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының call-орталығына 1460 тегін қысқа нөмірі бойынша жүгіне алады немесе ҚДКҚ-ның www.kdif.kz веб-сайтына сұрату қалдыра алады.

Банктің тарату комиссиясында тиісті құжаттарды беру тәртібі мен мерзімдерін, сондай-ақ агент банкте төленетін соманы есептеуді, валютаның айырбастау бағамын қолдануды, сыйақыны есептеу мен капиталдандыруды, таратылатын банк алдындағы кепілдік сомасы мен міндеттемелер сомасын есептеуді қоса алғанда, салымшылардың дербес деректеріне байланысты кез келген мәселені нақтылауға болады. Ақпаратты «Астана Банк» АҚ-тың байланыс орталығында: +7 (727) 259 6060 телефоны бойынша немесе мына мекенжайлар бойынша алуға болады:

Алматы қаласында: Көктем-2 шағын ауданы, 22,

Астана қаласында: Б. Момышұлы даңғылы, 14, 8-ҚҚ, телефоны: +7 (777) 154 88 79,

Ақтау қаласында: 4-шағын аудан, 73-ғимарат, телефоны: +7 (7292) 70 10 25 (ішкі нөмірі 15012, 15001),

Ақтөбе қаласында: Сәңкібай Батыр көшесі, 249, телефоны: +7 (7132) 70 47 89, 70 47 62,

Атырау қаласында: Сәтбаев көшесі, 19, телефоны: +7 (7122) 55 80 21,

Өскемен қаласында: Орджоникидзе көшесі, 35, телефоны: +7 (7232) 56 09 96,

Қарағанды қаласында: Степной-2 шағын ауданы, 6/1, телефоны: +7 (7212) 55 99 01 (ішкі нөмірлер: 16003, 16020, 16018),

Павлодар қаласында: Киров көшесі, 115/1, 33-ші н.п., телефоны: +7 (7182) 70 39 97 (ішкі нөмірлер: 17031, 17045),

Шымкент қаласында: Қонаев даңғылы, 13, телефоны: +7 (7252) 99 71 80.

 

Тарату комиссиясының филиалдары жоқ қалаларда, «Астана Банк» АҚ-тың салымшылары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңірлік филиалдарындағы қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі бөлімдерге өтініштерін, құжаттарын бере алады, тарату комиссиясына құжаттарды беру жөнінде консультация алуына болады.

Өзгелердің жаңалығы