Астаналық дәрігерлердің жеке көлігінде айрықша белгі болады

19 Сәуір 2020, 11:18
1237
Бөлісу:
Астаналық дәрігерлердің жеке көлігінде айрықша белгі болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың полиция қызметкерлері дәрігерлердің кедергісіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін олардың жеке көлігіне арнайы белгі жабыстырып береді. Бұл туралы қалалық Полициия департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазіргі таңда медицина қызметкерлері коронавирус инфекциясымен күресте алдыңғы шепте жүр. Адамдардың денсаулығы дәрігерлердің шақырылған жерге тез келуіне байланысты. Осыған орай Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті қала көшелерінде қозғалысын жеңілдету үшін "Дәрігер" атты қызыл түсті белгі таратады, - делінген хабарламада.

Полициия департаментінің мәліметінше, жүргізушілерді тексеру үшін қаланың бірнеше нүктесінде мобильді посттардың қойылғаны белгілі.

Соның салдарынан кей жерде көліктердің шоғырланып қалып жатыр. Осындай жағдайда дәрігерлер өз көлігімен кедергісіз қозғалу үшін полиция қызметкерлері осы белгілі таратады. ҚР Жол жүру ережесінде "Танытатын белгілер" деген норма бар. Оған сәйкес жедел әрі арнайы қызметтердің автокөліктері, автобустары мен мотоциклдарының СТ РК 1863-2018 ұлттық стандартына сәйкес белгілі бір функциялық міндетте екені айқындалады. ҚР ЖЖЕ "Танытатын белгілер" бөлімі талаптарына сәйкес дәрігер-жүргізушінің тілегі бойынша оның көлігінің артына немесе алдына "ДӘРІГЕР" атты танытатын белгі, яғни ақ түспен қоршалған қызыл крест жабыстырылады, - делінген хабарламада.
Өзгелердің жаңалығы