Астана тұрғыны 1000 теңгеге 2 бөлмелі пәтер алды

2 Наурыз 2019, 10:30
5917
Бөлісу:
Астана тұрғыны 1000 теңгеге 2 бөлмелі пәтер алды

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Кеше Астанада Алғыс айту күніне орай «ASYL ADAM» қайырымдылық қорына көмек көрсеткен жандар арасында ерекше акция өткізілді. 

«Өзгелерге көмектесу арқылы өзіңе көмектес» ұранымен өткен акцияның шарты бойынша, қатысушылар «ASYL ADAM» қайырымдылық қорына мың теңгемен көмектесу арқылы 2 бөлмелі пәтерді, автокөлікті, тұрмыстық техниканы немесе ұялы телефонды ұтып ала алады.   

Акция нәтижесінде мың теңгемен қайырымдылық жасау арқылы Марина Максименко есімді Астана тұрғыны екі бөлмелі пәтер иеленсе, Төлеукүл Бейсембекқызына су жаңа автокөліктің кілті табысталды.

«Марина мешітке құлшылық жасауға барып, шығарда «ASYL ADAM» қорына 1000 теңге қайырымдылық жасаған. Ол бұл қайырымдылығы үшін адамдардан мыңдаған алғыс алды және екі бөлмелі пәтердің иесі атанды. Бұл өте әділ акция болды. Бұл жоба тоқтап қалмай, жалғасын табатын болады. Барлық адамдардың қатысуына мүмкіндік бар. Ал, бүгінгі ұтыс иелеріне екі күннің ішінде құжаттары тапсырылатын болады», - дейді «ASYL ADAM» қайырымдылық қорының жетекшісі Көңілбай Шүкенов

Акция барысында бұдан бөлек тұрмыстық техника, ұялы телефон, 40 мың теңге көлеміндегі сертификат және Қазақстандық Бал-бала брендінен ойыншық ойнатылды.

Өзгелердің жаңалығы