Бұл мәдени шараға Өзбекстаннан 100-ге жуық адамнан тұратын Мәдениет министрлігінің, Өнер Академиясының және қолөнершілер одағының шығармашылық ұжымдары келді, деп хабарлады BAQ.KZ.
Өзбек делегациясының құрамында Өзбекстан батыры және Халық әртісі Муножат Юлчиев, Өзбекстанның халық әртістері: Жеңісбек Пиязов, Мансұр Ташматов, Махмұд Намазов, Мемлекеттік филармония, Юнус Раджаби атындағы «Маком» ансамблі, «Наурыз» би ансамблі және басқа да көптеген танымал музыкалық орындаушылар бар.
Бағдарламаға сәйкес, 22 қараша күні Қазақ ұлттық өнер университетінде Өзбекстан Республикасының халық және еңбек сіңірген әртістерінің қатысуымен шеберлік сыныптары өтті.
Сонымен қатар, "Көру қабілеті нашар адамдар үшін қолжетімді орта құру" тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Сондай-ақ, қазақ тілінде тифлокомментариймен "Шай" қысқаметражды фильмінің тұсаукесері өтті.
Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының фойесінде, Өзбекстанның ұлттық қолөнер және бейнелеу өнері үлгілерінің композициялық көрмесі ұйымдастырылды.
23 қарашада жоғарыда аталған театрда шығармашылық ұжымдардың, Өзбекстанның мәдениет және өнер өкілдерінің қатысуымен мерекелік Гала-концерт өтеді.
Айта кету керек, бұл іс-шараның екі жақты маңызы бар, өйткені 23 қарашада Өзбекстан Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толды.