Астана қаласында екі күндік «Qogam Fest» жастар жобасы басталды

17 Желтоқсан 2022, 13:39
834
Бөлісу:
Астана қаласында екі күндік «Qogam Fest» жастар жобасы басталды
PHOTO

Астана қаласында екі күндік «Qogam Fest» жастар жобасы басталды. Жобаның мақсаты – түрлі әлеуметтік-мәдени топтардың жастарына арнап бірлік пен келісім қағидаттарына негізделген бірыңғай мәдени кеңістік жасау, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Іс-шараға хип-хопперлер, көше бишілері (брейк-дансерлер), скейтбордшылар, футбол фристайлының, стритболдың өкілдері, паркуристер және т. б. қатысты.

Жобаны салтанатты ашылуында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Д. Қыдырәлі және ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары сөз сөйледі.

 Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев: "Мен Мемлекет басшысы ретінде өскелең ұрпақтың болашағына баса мән беремін. Жастарымыз атқарылып жатқан ауқымды жұмыстың, реформалардың игілігін міндетті түрде көреді. Олардың арасында көзі ашық, көкірегі ояу, ойы ұшқыр азаматтар аз емес. Біз өскелең ұрпаққа жол ашу үшін барлық жағдайды жасауымыз керек,- дейді министр.

Астана қаласында екі күндік «Qogam Fest» жастар жобасы басталды

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі өз кезегінде жастардың жан-жақты дамуына, әлеуеті мен мүмкіндіктерін шыңдауға қолдау көрсетіп келеді.

Қазіргі таңда жастар арасында түрлі әлеуметтік-мәдени топтар қалыптасқан. Субмәдениет этникалық топтарға бөлінбейді, керісінше талант, стиль және жалпы өмір салты бірінші орынға шығады.Елімізде қалыптасқан бірлік пен келісім негіздері жастар үшін бірыңғай мәдени кеңістікті қалыптастыруға мүмкіндік береді, - деді ол.

Қатысушылар екі күн ішінде барлық ұсынылған пәндер бойынша мамандандырылған алаңдарда жарысады, сондай-ақ, өз дағдыларын дамытып, кәсіби тәжірибелерін айтып береді.

18 желтоқсан күні сағат 19.00-де жеңімпаздарды марапаттау және фестивальдің жабылу салтанаты өтеді.

Өзгелердің жаңалығы