"Астана-Прага" тікелей рейсі қайта жанданды

22 Мамыр 2024, 18:06
288
Бөлісу:
"Астана-Прага" тікелей рейсі қайта жанданды
Фото: Астана халықаралық әуежайының баспасөз қызметі

Астана әуежайынан Прага қаласына рейстер ұзақ үзілістен кейін қайта іске қосылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана халықаралық әуежайының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін елорда әуежайының қызметкерлері мен қонақтары осы маңызды шараны салтанатты түрде атап өтті.

Салтанатты шараға ҚР Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің өкілдері, Астана халықаралық әуежайының басшылығы және SCAT әуекомпаниясының өкілдері қатысты. Азаматтық авиация комитеті халықаралық әуеқатынастарын реттеу басқармасының басшысы Әділет Көбенов Scat авиакомпаниясын рейстің қайта жаңғыруымен құттықтап, тікелей рейс екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайтатынын атап өтті. Scat авиакомпаниясының өкілдері көрсетілген қолдау үшін алғыстарын білдіріп, Прагаға рейсті қайта бастау бойынша үлкен жұмыс жүргізгенін айтты. 

Сонымен қатар Астана халықаралық әуежайы Басқарма төрағасының коммерция жөніндегі орынбасары Ермек Күміспаев Scat әуекомпаниясын 5 жылдық үзілістен кейін рейстің қайта оралуымен құттықтап, бұл елорда әуежайы үшін 48-бағытпен толыққанын хабарлады.

Астанадан Прагаға тұрақты рейстер аптасына 2 рет Boeing-737-де орындалады. Бұл рейстің іске қосылуы туристік индустрияны дамыту және Қазақстан мен Чехия арасындағы байланыстарды нығайту үшін жаңа мүмкіндік сыйламақ.

Өзгелердің жаңалығы