ASTANA OPEN қалалық ашық біріншілігі өтеді

26 Қараша 2022, 10:34
845
Бөлісу:
ASTANA OPEN қалалық ашық біріншілігі өтеді

Ашық қала чемпионаты елордадағы «Алау» мұз сарайында 29-30 қараша аралығында өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл чемпионатта алдағы қысқы маусымға үздік спортшылардан тұратын Астана қаласының құрама командасы жасақталады.

Жеңімпаздар әр жас тобындағы және әр қашықтық бойынша жеке біріншіліктерде анықталады.

ЖАС САНАТЫ ЖӘНЕ ҚАШЫҚТЫҒЫ:

- Кіші жастағы қыздар мен ұлдар;
2009 ж.т. (II жартысы - 500м.) 
2011 ж.т. (I жартысы - 333м.)

- А тобындағы ұлдар мен қыздар;
2011 ж.т. (II жартысы - 500м.)
2013 ж.т. (I жартысы - 333м.)

- Б тобындағы ұлдар мен қыздар;
2013 ж.т. (II жартысы - 333м.) 
2015 ж.т. (I жартысы - 222м.)

- Б тобындағы ұлдар мен қыздар;
2015 ж.т. (II жартысы - 222м.)
2016 ж.т. және одан кіші 111м.)

Үздіктер қатысатын ASTANA OPEN қалалық ашық біріншілігін жіберіп алмаңыздар!

Кіруі тегін.

Ұйымдастырушылардың айтуынша жарысқа еліміздің Көкшетау, Қостанай, Қызылорда. Солтүстік Қазақстан облысы және Астана қаласынан 180 қатысушы тіркелді. Олар екі күн бойы өздерінің бағын сынайтын болады. Сонымен қатар осы жарыста халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Әлем кубогы мен әлем біріншіліктерінің жүлдегері Абзал Әжғалиев құрметті қонақ ретінде шақырылған.

Жарыстың ашылу салтанаты 29 қараша сағат 11:00-ге жоспарланған. Ал жарыстың өзі екі күн бойы таңғы 09:00-ден 14:00-ге дейін өтеді.

Өзгелердің жаңалығы