Астана мен Көкшетау арасындағы республикалық маңызы бар тасжол учаскесінде Toyota Alphard пен "ГАЗель" көлігінің қатысуымен ірі жол апаты болды.
Дереккөздің мәліметінше, бүгін Астана – Көкшетау – Петропавл республикалық маңызы бар автожолының 254-шақырымында жол-көлік оқиғасы тіркелген.
Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Alphard көлігінің жүргізушісі Көкшетау қаласы бағытында келе жатып, рөлге ие бола алмай қалған. Сондай-ақ қауіпсіз арақашықтықты сақтамау салдарынан жолда бірге бағыттас қозғалып келе жатқан "ГАЗель" көлігімен соқтығысқан. Аталған көлік жолдың жүру бөлігінде таңба сызу жұмыстарын сүйемелдеп жүрген, – деп хабарлады баспасөз қызметі.
Жол апаты салдарынан 5 адам зардап шеккені хабарланды. Барлық зардап шеккен азаматтар жедел жәрдем бригадасымен Бурабай ауданының орталық аудандық ауруханасына жеткізілді.
Оқиға орнын тексеру барысында жол учаскесінің түзу екені, жол жабыны асфальт-бетоннан тұратыны анықталды. Жолдың жүру бөлігінде көзге көрінетін ақаулар табылған жоқ. Оқиға болған сәтте бұл учаскеде "ҚАЖсервис" ЖШС Ақмола облыстық филиалына қарасты ДЭУ-88 мекемесінің күшімен жол таңбасын салу жұмыстары жүргізіліп жатқан, – деп қосты ұлттық компания.