Арзан турдың зардабы: Ақтөбеде 200-ден астам тұрғын демалыссыз қалды

Ақтөбе облысында туристік қызмет көрсету сылтауымен жасалған алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс тергелуде.

17 Шілде 2026, 20:59
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві/Бауыржан Жуасбаев 17 Шілде 2026, 20:59
17 Шілде 2026, 20:59
192
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Бауыржан Жуасбаев

Ақтөбеде 200-ден астам тұрғын жазғы демалысқа бара алмай қалды. 

Тергеу мәліметіне сәйкес, туристік компаниялардың бірінің өкілдері 200-ден астам азаматтан туристік сапарларды ұйымдастыру үшін ақша алған. Алайда жолдамалар, қонақүйді брондау және әуе билеттерін рәсімдеу бойынша алдын ала төленген қызметтер көрсетілмеген. Соның салдарынан көптеген тұрғынның жоспарлаған жазғы демалысы жүзеге аспай қалды.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп, оқиғаның барлық мән-жайын, жәбірленушілердің нақты санын және келтірілген материалдық шығын көлемін анықтауда, - деп хабарлады Ақтөбе облысының ПД баспасөз қызметі. 

Ақтөбе облысы Полиция департаменті жазғы демалыс маусымында туристік компания атын жамылған алаяқтардың белсенді әрекет ететінін ескертеді.

Олар нарықтағы бағадан әлдеқайда арзан турларды ұсынып, шұғыл төлем жасауды талап етеді және ақшаны алғаннан кейін байланысқа шықпай қояды. Осыған байланысты азаматтарға туристік қызметке ақы төлемес бұрын компанияның беделін, қажетті құжаттарының бар-жоғын, клиенттердің пікірлерін мұқият тексеріп, міндетті түрде ресми келісімшарт жасасып, төлемді тек расталған реквизиттер арқылы жүргізу ұсынылады, - дейді полиция өкілдері.

Еске салайық, бұған дейін Павлодарда демалушылардан заңсыз ақша жинаған жағажайлар анықталды.

Наверх