Astana Meeting World indoor tour турнирі мәресіне жетті

24 Қаңтар 2023, 09:35
2166
Бөлісу:
Astana Meeting World indoor tour турнирі мәресіне жетті
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Астана қаласында алғаш рет күміс деңгейдегі Astana Meeting World indoor tour өтті. Бұндай деңгейдегі жарыс ТМД елдері арасында Қазақстан алғаш рет өткізді. Оған 100ге жуық спортшы қатысты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Турнирді ресми түрде Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов және Жеңіл атлетика Федерациясы Президенті Даниал Ахметов ашты.

Astana Meeting World indoor tour турнирі мәресіне жетті

Он бес ел спортшылары бүгін тұңғыш рет өтетін «Astana Silver Grand Prix Meeting» турниріне қатысу үшін Астанаға арнайы келді.Қазақстан Республикасы биыл АҚШ, Германия, Франция, Сербия, Словакия, Чехия мемлекеттерімен бірге жеңіл атлетика сериясының күміс деңгейін ұйымдастырушылар құрамында, -деді федерация президенті Даниал Ахметов.

Аталмыш турнир отандық жеңіл атлетиканы дамытуда үлкен серпін беріп, спортшылар арасындағы бәсекелестікті арттырады.

Astana Meeting World indoor tour турнирі мәресіне жетті

Бүгінгі дүниежүзілік жарысқа әлемнің 15 елінен спортшылар қатысатындығы айтылды. Бұл дегеніміз, жеңіл атлетиканың ғана мерекесі емес, жалпы елдер арасындағы ынтымақтастықтың да туын биіктейтін іс-шара деп ойлаймын, -деді министр Асхат Оралов.

Astana Meeting World indoor tour турнирі мәресіне жетті

Турнирге қатысушылар жеңіл атлетиканың 10 түрінен өзара мықтыны анықтады.

Astana Meeting World indoor tour турнирі мәресіне жетті

Байрақты бәсеке ерлер арасында 60м кедергілермен жүгіру сайысынан басталды. Аталмыш жарыс түрінде Кубалық Роджерс Ирибарн( нәтижесі 7.62секунд) Отандасымыз Давид Ефремовты(7.65сек) бар болғаны бірнеше милесекундқа озып жеңіске жетті.

Astana Meeting World indoor tour турнирі мәресіне жетті

Еске сала кетейік турнир аясында дәл осы тәртіпте Давид Ефремов алдын-ала жүгіру кезінде 7,62 секунд нәтижесімен Қазақстан рекордын жаңартты.

Astana Meeting World indoor tour турнирі мәресіне жетті

Ерлер арасында 400м жүгіруден отандастарымыз Михаил Литвин 46.41 нәтижесімен 1 орын, Андрей Соколов 46.74секунд нәтижесімен 2 орын иеленсе, бразилиялық Александр Руссо 47.70секунд нәтижесімен мәре сызығын 3 болып кесті.

Astana Meeting World indoor tour турнирі мәресіне жетті

Әйелдер арасында 60м жүгіруден отандасымыз Ольга Сафронова (7.30сек) Португалиялық Ариалис Гандуллаға (7.18сек) есе жіберіп мәре сызығын екінші болып кесті. Үшінші орынға аустралиялық Магдалена Линдер (7.43сек) жайғасты.

Astana Meeting World indoor tour турнирі мәресіне жетті

Әйелдер арасында ұзындыққа секіруде Өзбекстандық Дарья Резниченко 6.32 метр нәтижесімен топ жарды. Отандастарымыз Анастасия Рыпакова (5.89метр) нәтижесімен 2-орын, Алина Чистякова (5.84метр) нәтижесімен жүлделі 3-орынға жайғасты.

Astana Meeting World indoor tour турнирі мәресіне жетті

Ерлер арасында 800метрге жүгіруден 1-орынға Хорватиялық Марино Блудек (1:48.23) нәтижесімен, Кениялық Николас Киплангат 1:48.31 нәтижесімен 2-орынға, ал үшінші орынға словениялық Жан Вукович (1:48.72) нәтижесімен жайғасты.

Astana Meeting World indoor tour турнирі мәресіне жетті

1500м қашықтыққа жүгіруден Джаринтер МВАСЬЯ (Кения) 4:14.26 нәтижесімен 1-орын, Хирут Мешеша (Эфиопия) 4:14.40 нәтижесімен 2-орын, Камила Гомес (Португалия) 4:26.63 нәтижесімен 3-орын иеленді.

Astana Meeting World indoor tour турнирі мәресіне жетті

Турнирдің ең тартысты додаларының бірі әйелдер арасында биіктікке секіру болды. Нәтижесінде жүлделі 3 орынға отандастарымыз жайғасты. Олар:

Надежда Дубовицая (1.93метр) – І-орын;

Кристина Овчинникова (1.89метр) – ІІ-орын

Елизавета Матвеева (1.89метр) – ІІІ-орын.

Astana Meeting World indoor tour турнирі мәресіне жетті

Әйелдер арасында 400метр қашықтықта І-орын Элина Михина (55.14сек), ІІ-орын Александра Залюбовская (55.28сек), ІІІ-орын Кристина Кондрашова (55.87сек) иеленді.

Astana Meeting World indoor tour турнирі мәресіне жетті
Astana Meeting World indoor tour турнирі мәресіне жетті
Astana Meeting World indoor tour турнирі мәресіне жетті

Ерлер арасында 60 м жүгіруден америандық Макл Роджерс топ жарды.

Astana Meeting World indoor tour турнирі мәресіне жетті

Ол аталған қашықтықты 6.664 секунд ішінде жүгіріп өтті. Екінші орынға АҚШ спортшысы Демек Кемп (6.665) жайғасты. Бұл спортшылардың нәтижесін секундтың мыңнан бір бөлігі бөлді Үздік үштікті Португалиялық Фредерико Курвело қорытындылады оның көрсеткіші 6.75 секунд.

Astana Meeting World indoor tour турнирі мәресіне жетті

Ерлер арасында 3000м қашықтыққа жүгіруден Али Абдилмана (7:52.43) топ жарды (Эфиопия). Ұлыбританиялық Александр Джордж (8:07.55) күміс медаль, ал Қазақстандық Алексей Гусаров (8:27.10) қола медаль иеленді.

Өзгелердің жаңалығы