Astana Media Week басталды

26 Қазан 2022, 10:53
1782
Бөлісу:
Astana Media Week басталды
Фото: автордан

Астанада үшкүндік ауқымды медиа іс-шара басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Astana Media Week–2022 Қазмедиа орталығы ұйымдастыруымен алтыншы жыл қатарынан өткізіліп жатыр. Соңғы медиа трендтерін ұсынатын ауқымды жобаға отандық және шетелдік жетекші медиаменеджерлер, қоғам қайраткерлері, ақпараттық платформалардың лидерлері, журналистер қатысады.

“Жаңа дәуір – жаңа медиа” пленарлық сессиясы барысында “Қазақстан” РТРК” АҚ басқарма төрайымы, модератор Ләззат Танысбай цифрлық  технологиялар бүгінгі БАҚ саласының түбегейлі өзгерісі, интернет, жаңалық порталдары мен әлеуметтік желілер пайда болғаннан кейін ақпараттық нарық көлемі айтарлықтай өскенін атап өтті.

Бұл нарыққа жаңа ықпалды ойыншылар қосылды, жаңа ережелер қалыптасып жатыр. Бұл өзгерістің барлығы тілді, дәстүрлі медианың өзгеруіне әкелді, біз де өзгеріп жатырмыз. Мемлекеттік органдарда халықпен, адамдармен коммуникациялық жұмыс жүргізуде жаңа тәсілдерге көшіп жатырмыз. Бұл жерде, әрине БАҚ негізгі ақпарат жеткізуші болып қала береді,- деді ол.

Айта кету керек, медиаконтенттің өзекті мәселелерін ортаға салып, пікір алмасатын іс-шараның арнайы қонағы – Қырғызстанның мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрі Алтынбек Мақсұтов.

Өзгелердің жаңалығы