Astana Marathon 2023: желаяқтардың жүгіру бағытына өзгеріс енді

3 Қыркүйек 2023, 09:11
873
Бөлісу:
Astana Marathon 2023: желаяқтардың жүгіру бағытына өзгеріс енді
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

3 қыркүйекте елордада жыл сайынғы Astana Marathon 2023 халықаралық марафоны өтеді. Қатысушылар 42,2 км (18 жастан бастап) және 10 км (16 жастан бастап) қашықтықта жүгіре алады, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елорда тұрғындарына ыңғайлы болу үшін екі қашықтықтағы маршруттар төмендегілерге өзгертілді:

Марафоншылар «ЕХРО» ХКО (Мәңгілік Ел, 53/1) аумағынан старт алып, Түркістан көшесі бойымен «Абу-Даби Плаза» СОО алдынан солға – Ақмешіт көшесі – Орынбор көшесі – одан әрі Қабанбай батыр даңғылына жетпей, Ботаникалық бақтағы жүгіру жолымен Ақмешіт көшесіне дейін барып, Ақмешіт көшесі – Экспо қалашығының айналасы – Рысқұлов – Қабанбай батыр – Қарқаралы тас жолы – Айналма жол көшесіне оңға – одан әрі бұрылыс – Айналма жол көшесі – Қарқаралы тас жолы – Қабанбай батыр – Рысқұлов – Ақмешіт – ЭКСПО қалашығының айналасы – Түркістан – «ЕХРО» ХКО аумағында мәреге жетеді.

Astana Marathon 2023: желаяқтардың жүгіру бағытына өзгеріс енді

10 км қашықтыққа қатысушылар маршруты:

Марафоншылар «ЕХРО» ХКО (Мәңгілік Ел, 53/1) аумағынан старт алып, Түркістан көшесі бойымен «Абу-Даби Плаза» СОО алдынан солға – Ақмешіт көшесі – Орынбор көшесі – одан әрі Қабанбай батыр даңғылына жетпей, Ботаникалық бақтағы жүгіру жолымен Ақмешіт көшесіне дейін барып, Ақмешіт көшесі – Экспо қалашығының айналасы – Түркістан – «ЕХРО» ХКО аумағында мәреге жетеді.

Astana Marathon 2023: желаяқтардың жүгіру бағытына өзгеріс енді

1-2 қыркүйекте сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін "ЕХРО" халықаралық көрме орталығында (Мәңгілік Ел даңғылы, 53/1) өтетін Astana Marathon EXPO 2023 спорттық көрмесі кезінде ғана тіркелуге болады. Осы жерден тіркелген қатысушылар жүгірушінің арнайы пакетін ала алады.

Көптеген жылдар бойы Astana Marathon шарасына бүкіл әлемінен жүгірушілер қатысып келеді. Биыл да Астанаға Австралия, Ұлыбритания, Германия, Польша, Португалия, Ресей, Испания, АҚШ, Нидерланды, Өзбекстан және Оңтүстік Корея елдерінен, сондай-ақ Қазақстанның жиырмадан астам қаласынан марафоншылар келеді.

Спорттық іс-шараның ұйымдастырушысы – Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен Astana Marathon Events компаниясы.

Өзгелердің жаңалығы