Астана маңында сарбаз парашютпен секіру кезінде қаза тапты

18 Қаңтар 2023, 14:39
1048
Бөлісу:
Астана маңында сарбаз парашютпен секіру кезінде қаза тапты
Фото: gov.kz

Мерзімді әскери қызметші Астана маңында парашютпен секіру кезінде қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ведомствоның мәліметінше, жазатайым оқиға 18 қаңтарда оқу-жауынгерлік тапсырманы орындау кезінде болған. Қаза тапқан әскери қызметші 2022 жылдың көктемінде Қарағандыдан шақырылған.

Ол әріптестері мен командирлері арасында сыйлы болды. Қызметте тек жағымды  жағынан сипатталды. Қызмет барысында ол әскери істі зерттеуге үлкен  талпыныс танытты. Ол ата-анасының лайықты ұлы, нағыз патриот және әріптестері үшін үлгі болды, - деп хабарлады Қорғаныс министрлігінде.

Оқиғаның себептері мен жағдайлары анықталып жатыр. Тексеру тағайындалды.

Әскери қызмет әрқашан өмірге қауіп төндіреді. Командирлер үшін жауынгердің қаза болуы ауыр соққы. Қарулы Күштердің қолбасшылығы мен жеке құрамы марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Қорғаныс министрлігі қаза тапқан әскери қызметшінің отбасына көмек көрсету бойынша барлық қажетті шараны қабылдайды, - деп толықтырды ведомстводан.

Өзгелердің жаңалығы