Астана көшелері қардан қалай тазартылып жатыр

31 Желтоқсан 2023, 09:51
638
Бөлісу:
Астана көшелері қардан қалай тазартылып жатыр
Фото: gov.kz

Соңғы бірнеше күнде елордада жауын-шашын көп болды. Коммуналдық қызметтер кешкі және түнгі уақытта күшейтілген режимле , тәулік бойы жұмыс істеуге көшті, сондай-ақ маршруттарға түзетулер енгізілді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

30 желтоқсанға қараған түні елордадан 17 мың текше метрге жуық қар шығарылды, бұл 1500 жүк рейсін құрайды.

Бүгін таңертеңнен бастап қар тазалауға 1300-ге жуық арнайы техника мен 2300-ден астам жол жұмысшысы шықты.

Көлік кептелісін болдырмау үшін алдымен көлік көп жүретін жерлер тазартылады.

Әрі қарай қар орташа қозғалыс қарқындылығы бар аймақтардан – алаңдардан, вокзал аумақтарынан, тротуарлардағы қарлар шығарылады.

Қыс басталғалы Астананың қар массивтеріне 800 мың текше метрге жуық қар тасымалданып, 55 мыңнан астам рейс жасалды.

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, 30 желтоқсанда елордада бұрқасын, қар түріндегі жауын-шашын байқалды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел кей жерлерде екпіні 28 м/с. жетті.

Тұрғындардан сапарларын алдын ала жоспарлап, мүмкіндігінше ұзақ жолға шығудан бас тартуды сұраймыз.

Өзгелердің жаңалығы