«Астана» командасының бас бапкері қызметінен кетті

27 Тамыз 2020, 09:03
1265
Бөлісу:
«Астана» командасының бас бапкері қызметінен кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Астана» футбол клубы бас бапкер Михал Билектің қызметінен кеткенін хабарлады. Бұл туралы Оlympic.kz сайты хабарлады.

«Астана» футбол клубы чехиялық маманға оның жұмысы үшін алғыс айтып, алдағы мансабына, соның ішінде Қазақстан ұлттық құрамасындағы жұмысына табыс тіледі. 

Бас бапкердің міндетін «Питерборо» (Англия), «Вентспилс», «Рига», «Сконто» (барлығы - Латвия), «Ростов» (Ресей), «Саншайнз» (Нигерия) клубтарында бапкерлік қызмет атқарған, тәжірибесі мол маман Пол Эшуорт атқарады. 

Эшуорттың «PRO» санатындағы бапкерлік категориясы бар. Оның басшылығында командалар УЕФА турнирлері аясында 30-ға жуық ойын өткізген.

Өзгелердің жаңалығы