"Астана-Көкше" директоры сыбайлас жемқорлық фактісімен күдікке ілінді

8 Қараша 2019, 15:11
2138
Бөлісу:
"Астана-Көкше" директоры сыбайлас жемқорлық фактісімен күдікке ілінді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша "Астана-Көкше" ЖШС директорына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

"Астана-Көкше" ЖШС директорын "М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры" МҚКК ғимаратын қалпына келтіруге бөлінген 32 млн теңге сомасындағы қаражатты иемдену жолымен жымқырғаны үшін күдікке ілінген. 

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Күдікті кінәсінің деңгейі туралы соңғы шешімді сот шығарады.

Өзгелердің жаңалығы