Астана халқы 1,7 миллионнан асты

Халық саны бойынша алғашқы орында Алматы қаласы тұр. Қыркүйек басында мегаполисте 2 387 896 адам тіркелген.

 pkzsk.info 1 Қазан 2026, 22:12
1 Қазан 2026, 22:12
164
Фото: pkzsk.info
 
2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Астанада 1 700 385 адам тұрады.. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.  

Тек тамыз айының өзінде елорда тұрғындарының саны 9 780 адамға артқан. Ал жыл басынан бері Астана халқы 61 209 адамға көбейген.

Жалпы, 1 қыркүйекте Қазақстан халқының саны 20 618 796 адамға жетті. Жыл басында бұл көрсеткіш 20 499 822 адам болған.

Халық саны бойынша алғашқы орында Алматы қаласы тұр. Қыркүйек басында мегаполисте 2 387 896 адам тіркелген.

Екінші орында – 2 142 709 тұрғыны бар Түркістан облысы. Бір айда Алматы халқы 8 мыңнан астам адамға көбейген. Ал Түркістан облысында тұрғындар саны 2 мыңнан астам адамға азайған.

Тұрғыны 1 миллионнан асатын өңірлер:

Алматы облысы – 1 615 631 адам;

Шымкент қаласы – 1 316 888 адам;

Жамбыл облысы – 1 210 084 адам;

Қарағанды облысы – 1 130 123 адам.

Халқы ең аз өңір – Ұлытау облысы. Мұнда 217 274 адам тұрады.

Солтүстік Қазақстан облысында 510 756, Абай облысында 590 702 тұрғын бар. Ал ауыл халқының саны 7 382 755 адамды құрады.

Наверх