Астана емханаларына 50 жаңа автокөлік берілді

23 Қараша 2022, 21:12
1966
Бөлісу:
Астана емханаларына 50 жаңа автокөлік берілді

Астана емханалары жаңа автокөліктерге ие болды. Автопарк шұғыл жетудің 4-санатына, үйге, мобильді бригадаларды тасымалдауға және т. б. шақыруларды орындау үшін тағы 50 автокөлікпен толықтырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осы жылдың қыркүйек айының басында жедел медициналық жәрдем станциясына 55 арнайы машина берілді. Жалпы алғанда, қаланың медициналық мекемелері мен жедел медициналық жәрдем станцияларының автопаркі соңғы жылдары 200-ден астам автокөлікпен толықтырылды.

Астана емханаларына 50 жаңа автокөлік берілді

Соңғы үш жылда медициналық мекемелер 3 мыңға жуық арнайы жабдықтармен жарақтандырылды, 40 "Үй жанындағы дәрігер" нысаны ашылды (оның 7-сі тұрғын алаптарында), жыл соңына дейін тағы 10 "Үй жанындағы дәрігер" нысаны ашылады, бірқатар медициналық мекемелерде жөндеу жұмыстары жүргізілді, 4 медициналық мекеме құрылысы бойынша жобалар іске асырылуда.

Астана емханаларына 50 жаңа автокөлік берілді

Астанада перзентханалардың, "Жағалау-3" амбулаториялық-емханалық кешендерінің және "Нұрлы жол" вокзалы ауданында, Көктал-1 ЖМ алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталықтары, Тельман, Пригородный және т.б. құрылысы жоспарланған.

Өзгелердің жаңалығы