«Астана» біріккен ВТБ лигасында жеңіліп қалды

6 Желтоқсан 2020, 10:43
1283
Бөлісу:
«Астана» біріккен ВТБ лигасында жеңіліп қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Астана» баскетбол командасы Біріккен ВТБ лигасы аясында «Нижний Новогород» клубына қарсы ойнап, жеңіліп қалды деп жазады Olympic.kz. 

Тартысты кездесу 69:79 есебімен қарсыластар пайдасына аяқталды.  «Астана» сапындағы ең нәтижелі ойыншы – Девин Марбл. Ол 16 ұпай жинаған. Мартиньш Мейерс 14, Дмитрий Гаврпилов 11, Майко Томпсон 10 ұпайға ие болды.

Қарсыластарымыз жақсы ойнап, бұл жеңіске лайық болды. Біз өзіміздің ойын мәнерімізді таба алмадық. Өйткені, тұтас бір ай бойы ВТБ лигасына қатысқан жоқпыз. Бұл жеңілістен сабақ алуға міндеттіміз, - дейді команда бас бапкері Эмиль Райкович.   

Өзгелердің жаңалығы