«Астана» бапкері жеңілістің себебін түсіндірді

12 Мамыр 2019, 12:48
1602
Бөлісу:
«Астана» бапкері жеңілістің себебін түсіндірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кеше «Астана» клубы сырт алаңда «Тараздан» ұтылды. Ойыннан кейін елорда командасының бас бапкері Роман Григорчук жеңілістің себебін түсіндірді.

 Қарсылас команданы жеңісімен құттықтаймын! Ойын нәтижесіне мүлде көңіліміз толмайды. Бізге алдағы уақытта ойынға толықтай талдау жасап, қателіктермен жұмыс жасау қажет. 
– Алда трансферлік терезе ашылады. Қай позицияларды күшейту қажет? 
 Бізге кем дегенде үш ойыншымен қатарымызды толықтыру қажет. Біз қысқы үзіліс кезінде команда құрамын күшейте алмадық. Ал бізге қазіргі таңда құрамды күшейту ауадай қажет. Бірнеше футболшылар жарақаттарына байланысты алаңға шыға алмады. Өкінішке қарай, ол ойын нәтижесіне өз әсерін берді. 
– Бүгін Серікжан Мұжықов неліктен алаңға шыққан жоқ? 
 Ол ойынға қатысатын футболшылар қатарында болғанымен, кездесуге 100% дайын болмады. Сондықтан, алаң сапасы өте нашар кездесуде алаңға шығаруды жөн көрмедік. 
– Алаң сапасын нашар деп санайсыз ба?

  Мен бұл туралы айтқым келмейді. Себебі, ақталғандай боламын. Дәл мұндай алаңда футбол ойнаған өте ауыр.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, «Астана» ІІ тур қатарынан аутсайдер командаға есе жіберді. Қазақстан премьер-лигасының 10-турында ел чемпионы «Астана» сырт алаңда «Тараз» клубынан ұтылып қалды. 

Өзгелердің жаңалығы