«Астана Балет» ұжымы Алматыдағы жаңа театрдың ашылуында өнер көрсетеді

4 Мамыр 2022, 11:47
1325
Бөлісу:
«Астана Балет» ұжымы Алматыдағы жаңа театрдың ашылуында өнер көрсетеді
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. «Астана Балет» ұжымының «Almaty Theatre» жаңа театрындағы гастрольдері басталды.

«Астана Балет» ұжымы баспасөз мәслихатын өткізіп, Алматыдағы жаңа театрдың ашылуына қандай бағдарлама әзірлеп әкелгендерін баяндады.

«Астана Балет» театрының көркемдік жетекшісі Нұрлан Канетов театр ұжымы Алматыға гастрольдік сапармен бір айға келгенін жеткізді.

Алматыдағы жаңа театрдың ашылуында өнер көрсету біз үшін мәртебе. Біз түрлі жанрдағы афишаны дайындап қойдық. Атап айтсам, 6 мамырда гастролімізді балет билерімен ашамыз. 14-15 мамырда «Қозы көрпеш - Баян сұлу» эпосын паш етеміз, бұл ауқымды баллет. 18 мамырда симфониялық аркестрдің концерті өтеді. 21-22 мамырда «Сұлтан Бейбарыс» спектаклін қоямыз. Соңында «Ұлы дала мұрасы» ұлттық бағдарламамызбен қорытындылаймыз, – деді Канетов.

«Астана Балет» театрының қоюшы балетмейстері Айгүл Тати мәдени орталық Алматыда тағы бір театрдың шаңырақ көтеріп жатқанына қуанышты екенін жеткізді.

Бұл ел мәдениетінің өркендеуіне үлес қосады деп сенемін. Жаңа театрдың ашылуында өнер көрсетеміз әрі бұл бізге емтихан іспетті. Өйткені біздің барлық түлектеріміз Алматы хореграфия училишесін бітірген. Оқуларын аяқтаған соң елордаға барып театр ашып, еңбек етіп жатыр,-деді ол.

21-22 мамырда Мукарам Авахри қойған «Бейбарыс сұлтан» балет-толғауы көрсетіледі. Тарихи тақырыпта балет қою жайлы ұсынысты «Балет пен ұлттық биді қолдау және дамыту қоры» жасап, «Самұрық-Қазына» АҚ демеушілік қолдау білдірген.

Көрермен қауыммен бірге «жеңіс атасы» аталып кеткен ұлы тұлғаны өмірінің соңында қандай ойлар мазалауы мүмкін деген қиялға шомбақшы болдық. Оның өмірі ғаламат оқиғаларға толы еді ғой: кресшілермен, моңғолдармен шайқасты. Бәлкім, бізге мәлім тарихи деректерден бөлек, бұдан да маңызды оқиғалар орын алған шығар. Мүмкін оны осы ойлар алаңдатқан болар, - дейді қоюшы-хореограф Мукарам Авахри.

Өзгелердің жаңалығы