Астана әуежайында қай қалаларға рейстер ұшпай қалды

8 Ақпан 2024, 18:20
367
Бөлісу:
Астана әуежайында қай қалаларға рейстер ұшпай қалды
Фото: Көлік министрлігі

Астана халықаралық әуежайы ауа райына байланысты кейінге қалдырылған және мүлдем тоқтатылған рейстер тізімін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әуежай мәліметінше, бүгін елорда әуежайында 72 рейс жоспарланған болатын.

Әуежай әуеайлағында секундына 19 метр жылдамдықпен және екпіні секундына 23 метрге дейін қатты жел соғып тұр.

Мұндай ауа райы ұшақтардың ұшып-қонуы кезінде қиындық туғызуы мүмкін.

8 ақпанда тоқтатылған рейстер тізімі:

  • КС 956 Астана-Алматы
  • КС 965А/966А Астана-Ақтөбе-Астана
  • КС 7052 Астана-Алматы
  • КС 313-314 Астана-Ақтау-Астана
  • ТК 357 Астана-Ыстанбұл
  • КС 852 -851 Астана-Алматы-Астана
  • КС 7391/7392 Астана-Ақтөбе-Астана
  • КС 7315/7316 Астана-Қызылорда-Астана
  • КС 921 Астана-Франкфурт
  • КС 7371/7372 Астана-Өскемен-Астана
  • КС 854/853 Астана-Алматы-Астана
  • SU 196/1962 Астана-Мәскеу-Астана
  • КС 966 Астана-Ақтөбе
  • КС320 Астана-Орал
  • КС 918 Астана-Ыстанбұл.

Сонымен бірге, елордалық әуежай ұшуы мен ұшып келуі кешіктіріліп жатқан рейстерді атады:

  • IQ 399/400 Астана-Ақтөбе-Астана
  • IQ 438 Астана-Петропавл
  • DV 744/743 Астана-Алматы-Астана
  • КС 7331 Астана-Алматы
  • DV 721/722 Астана-Ақтөбе-Астана
  • IQ 390 Астана-Жезқазған
  • KC 7332 Астана-Алматы
  • КС 7507 Астана-Шымкент
  • КС 954/953 Астана-Алматы-Астана
  • DV 741 Aқтау-Астана
  • SW 7088/7087 Астана-Әбу Даби-Астана
  • VJ 68/67 Астана-Камрань-Астана
  • КС 621 Астана-Алматы
  • КС 7342 Астана-Қостанай
  • DV 784 Астана-Өскемен
  • DV 766 Астана-Атырау.

Жолаушылар өз рейстері туралы ақпаратты алу үшін тиісті әуе компаниялармен байланысуы керек.

Рейстер туралы ақпаратты Астана халықаралық әуежайының ресми сайтынан nn-airport.kz қарауға болады.

Сондай-ақ елорда әуежайында тәулік бойы байланыс орталығы жұмыс істейді: 8 (7172) 702-999.

Өзгелердің жаңалығы