Астана әуежайында автотұрақ тарифі 1 тамыздан бастап өседі

Әлеуметтік жеңілдіктер де сақталады. I және II топтағы мүгедектігі бар азаматтар, басқа мемлекеттердің аумағындағы жауынгерлік іс-қимылдардың ардагерлері және Семей ядролық сынақ полигонындағы сынақтардың зардаптарын жоюға қатысқан азаматтар автотұрақ ақысын төлеуден босатылады.

 BAQ.KZ архиві / Артем Чурсинов Кеше 2026, 23:10
Кеше 2026, 23:10
139
Фото: BAQ.KZ архиві / Артем Чурсинов

2026 жылғы 1 тамыздан бастап Астана халықаралық әуежайындағы қысқа мерзімді автотұрақтың құны сағатына 300 теңгені құрайды. Бұл қазіргі тарифтен 100 теңгеге жоғары.

Әуежай әкімшілігінің хабарлауынша, 2023 жылдан бері өзгеріссіз сақталған тарифті қайта қарауға автотұрақтарды күтіп ұстау, пайдалану және жаңғырту шығындарының артуы себеп болған.

Сонымен қатар әуежай ұзақ мерзімді тұраққа арналған жаңа автотұрақ аймақтарын іске қоспақ. Бұл аймақтарда тұрақ ақысы сағатына 100 теңге болады. Осылайша, жолаушылар мен шығарып салушылар өз қажеттілігіне қарай тиімді тұрақ нұсқасын таңдай алады.

Бұған қоса, келушілерге арналған 100 орындық тегін автотұрақ бұрынғы режимде жұмысын жалғастырады.

Әлеуметтік жеңілдіктер де сақталады. I және II топтағы мүгедектігі бар азаматтар, басқа мемлекеттердің аумағындағы жауынгерлік іс-қимылдардың ардагерлері және Семей ядролық сынақ полигонындағы сынақтардың зардаптарын жоюға қатысқан азаматтар автотұрақ ақысын төлеуден босатылады.

Әуежайдың мәліметінше, енгізіліп отырған өзгерістер автотұрақ инфрақұрылымын жетілдіруге, терминал маңындағы көлік қозғалысын реттеуге және келушілерге қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Наверх