Астана әуежайында 18 рейс кешіктіріліп жатыр

27 Ақпан 2024, 10:44
482
Бөлісу:
Астана әуежайында 18 рейс кешіктіріліп жатыр
Фото: Астана халықаралық әуежайының баспасөз қызметі

Астана халықаралық әуежайының баспасөз қызметі өртке қатысты жағдайды түсіндіріп, кейбір рейс кешіктірілгенін мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

27 ақпан таңғы 07:50-де Астана халықаралық әуежайының коммутациялық жүйесінен өрт шыққаны туралы хабарлама келді. 08:24-те өрт толықтай ауыздықталды. Өрт сөндіру кезінде қатты түтіннің пайда болуына байланысты әуежай терминалындағы барлық жолаушы қауіпсіз жерге эвакуацияланды. 20 негізгі техника, 3 арнайы техника және 58 адам өртке қарсы жұмысқа жұмылдырылды. 

Астана халықаралық әуежайы ұшып келетін рейстерді қабылдауды тоқтатқан жоқ. Алайда Астана халықаралық әуежайынан ұшатын 18 рейс кешіктірілуде. Олар: КС205 Астана-Дубай, DV702 Астана-Шымкент, КС 952 Астана-Алматы, IQ389 Астана-Жезқазған, КС 7052 Астана –Алматы, DV783 Астана-Өскемен, КС 313 Астана-Ақтау, ТК 357 Астана-Ыстамбұл, DV 747 Астана-Павлодар, КС7341 Астана-Қостанай, DV821 Астана-Пулково, КС 852 Астана-Алматы, КС7315 Астана – Қызылорда, Lo196 Астана-Варшава, IQ367 Астана- Қостанай, DV716 Астана-Шымкент, IQ437 Астана-Петропавл, КС345 Астана-Өскемен, - делінген хабарламада.

Кешіктірілген рейстердің нақты ұшу уақыты белгісіз. Жағдай тұрақталғаннан соң рейстер қалыпқа келтіріледі. Қолайсыздық үшін жолаушыларымыздан кешірім сұраймыз. Жолаушыларға Астана халықаралық әуежайының әкімшілігі су мен сусын ұсынуда. Алдағы уақытта әкімшілік жолаушыларды жеңіл тағаммен қамтамасыз етеді. 

Өзгелердің жаңалығы