Астана әуежайынан өрт шықты

27 Ақпан 2024, 08:25
2126
Бөлісу:
Астана әуежайынан өрт шықты
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Астанадағы халықаралық әуежайдан өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Астана қаласы халықаралық әуежай №1 терминалдың электр панель бөлмесінде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Сыртқы белгілері бойынша - №1 және №2 терминалдар арасындағы галереяда қатты түтін, эвакуация жүргізілуде, - делінген ведомство хабарламасында.

Сондай-ақ ТЖМ жолаушылар мен әуежай қызметкерлері эвакуацияланғанын айтты.

Сағат 08:24-те өрт сөндірілді. №2 серверлік терминалда 10-15 шаршы метр электр кабельдері жанған, - деп нақтылады министрліктен.

Еске сала кетейік, бұған дейін Петропавлда алапат өрт болғаны туралы жазған едік.

Өзгелердің жаңалығы