Астана әуежайында 11 рейс кешіктіріліп, тағы үшеуі тоқтатылды

14 Қаңтар 2024, 12:36
525
Бөлісу:
Астана әуежайында 11 рейс кешіктіріліп, тағы үшеуі тоқтатылды

Астана халықаралық әуежайында 11 рейс кешіктіріліп, Астанадан Алматыға, Жезқазған және Түркістанға ұшатын 3 рейс әуекомпанияның шешімімен тоқтатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астана әуежайы баспасөз қызметінің хабарлауынша, кешіктірілген және тоқтатылған рейстер метео жағдайға байланысты емес.

Астана әуежайында қазір ұшу және қонуға қолайлы ауа райы сақталып отыр.

Әуеайлақтағы ауа температурасы -18. Желдің жылдамдығы - 12м/с.

Өзгелердің жаңалығы