Астана әуежайы күзгі-қысқы навигация кестесі бойынша жұмысын бастады

4 Қараша 2022, 21:17
1049
Бөлісу:
Астана әуежайы күзгі-қысқы навигация кестесі бойынша жұмысын бастады
PHOTO

4 қарашадан бастап Астана әуежайы навигацияның күзгі-қысқы кезеңінің кестесі бойынша жұмысты бастады, ол ұшу мүмкіндіктерін кеңейтеді және Қазақстан астанасының әуе айлағы арқылы саяхаттайтын жолаушылар үшін жаңа бағыттарды ашады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгін «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ Басқарма төрағасы Дәулет Хамзин күзгі-қысқы навигацияның басталуына байланысты қоғамның арнайы көліктер қызметінде көшпелі жұмыс кеңесін өткізді. Ол осы қызметтің алдағы қысқа дайындық барысымен танысты. 

Астана әуежайы күзгі-қысқы навигация кестесі бойынша жұмысын бастады

Әуежай қызметтері мен бөлімшелерінде күзгі-қысқы навигация кезеңінде, оның ішінде аса төмен температурада ұшу қауіпсіздігі мен жүйелілігін және әуе айлағының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету бойынша дайындық іс-шаралары жүргізіледі. 

Әуеайлақтың жасанды жабындарында (ұшу-қону жолақтарында, перрондарда, такси жолдарында) жеткілікті мөлшерде, тіпті үлкен мөлшерде мұз түзілімдерімен күресу үшін химиялық реагенттер сатып алынды. 

Астана әуежайы күзгі-қысқы навигация кестесі бойынша жұмысын бастады

Өндірістік процеске тартылған әуежайдың негізгі қызметтерінің персоналы күзгі-қысқы кезеңдегі қызметтің ерекшеліктері туралы қажетті нұсқаулықтан өтті.

Сондай-ақ, әуе айлағының серіктестері рейстердің жиілігін арттырып, кейбір бағыттарда жаңа рейстерді ашады, Turkish Airlines 5 желтоқсаннан бастап Анкараға рейсті аптасына 2 рет дүйсенбі және сәрсенбі күндері ашады, SCAT 20 қарашадан бастап Алматы-Астана-Ыстамбұл бағыты бойынша аптасына 3 рет сейсенбі, жұма және жексенбі күндері ашады, Fly Dubai 30 қазаннан бастап Дубайға рейстерді аптасына 12-ден 14 ретке дейін арттырды.

Өзгелердің жаңалығы