Астана әуежайы 24 желтоқсанға дейін түнде жұмыс істемейді

2 Мамыр 2024, 08:19
639
Бөлісу:
Астана әуежайы 24 желтоқсанға дейін түнде жұмыс істемейді
Фото: Мәди Искаков -архив

Астана әуежайы 1 мамыр мен 24 желтоқсан аралығында түнгі уақытта жұмыс істемейді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әуежайдың ресми сайты ұшу-қону жолағына күрделі жөндеу жүргізуге байланысты Астана халықаралық әуежайында орындалатын рейстерге өзгерістер енетінін мәлімдеді.

1 мамырдан бастап жөндеу аяқталғанға дейін, жергілікті уақыт бойынша сағат 22.00-ден 6:00-ге дейін елорда әуежайының әуеайлағында ұшақтарды қабылдау және ұшу тоқтатылады.

Осыған байланысты Астанадан/Астанаға орындалатын әуекомпаниялардың рейс кестесіне өзгерістер енгізілуде.

Жолаушылардан сапарларын алдын ала жоспарлауын және әуекомпаниялардың анықтамалық қызметтері, қосымшалар мен әуежай қызметтері, сондай-ақ әуекомпаниялардың хабарламалары сияқты барлық қолжетімді ақпарат көздерін пайдалануды сұраймыз, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы