Әділет министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, құжаттарды өзгерту кезең-кезеңімен жүзеге асырылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ҚР Президентінің 2022 жылғы 17 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасының астанасы – Нұр-Сұлтан қаласын Астана қаласы – Қазақстан Республикасының астанасы деп қайта атау туралы» Жарлығының қабылдануына байланысты келесіні хабарлайды:
«Құқықтық актілер туралы» Заңға сәйкес азаматтарға жаңа міндеттер жүктейтін немесе олардың жағдайын қиындататын нормативтік құқықтық актілердің кері күші жоқ.
Осыған байланысты астананың бұрынғы атауы көрсетілген заңды тұлғалардың ресми құжаттары заңды күшін жоғалтпайды және астананың атауын өзгерту оларға құрылтай құжаттарын ауыстыру міндетін жүктемейді.
Сондай-ақ астананың атауын өзгерту жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттарды ауыстыру міндеттемелерін жүктемейді.
Мысалы, сатып алу-сату шарты, сыйға тарту, пайдалануға қабылдау-тапсыру актілері және басқалары, сондай-ақ азаматтық хал актілерін тіркеу туралы құжаттар – туу туралы куәлік, неке/неке бұзу және т.б.
Құжаттарда астананың бұрынғы атауын көрсету олардың жарамсыздығына әкеп соқпайды.
Өз кезегінде, Әділет министрлігінің ақпараттық жүйелерінде Нұр-Сұлтан қаласынан Астана қаласына дейінгі елді мекеннің атауы автоматты түрде өзгертілетін болады.
Құжаттарды өзгерту кезең-кезеңімен, олардың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін немесе жоғалған жағдайда жүзеге асырылады.