Астана атауы болашақта тағы өзгеруі мүмкін бе?

16 Қыркүйек 2022, 12:08
2592
Бөлісу:
Астана атауы болашақта тағы өзгеруі мүмкін бе?

Бұл туралы Әділет министрі Қанат Мусин мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Заң бойынша бұл үшін кедергілер қарастырылмаған. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Конституцияда астана атауын өзгерту Президенттің жарлығы арқылы іске асырылады. Астананың атауы өзгеріссіз қалуы тиіс нормаларға жатпайды, - деп түсіндірді Парламент кулуарында журналистердің сұрағына жауап берген Әділет министрі Қанат Мусин. 

Сондай-ақ ведомство басшысы елорда атауының қанша мерзімді алатынына тоқталды.

Мен шешімді Президент қабылдайды деп айта алмаймын. Конституцияға өзгерістер енгізілген соң өзгерістер орын алады деп ойлаймын, - деді министр. 

Еске сала кетейік, бұған дейін бүгін өткен Парламент палаталарының бірлескен отырысында Сенат және Мәжіліс депутаттары ел астанасының атауын өзгертуді қолдап дауыс берген болатын. 

Республикамыздың елордасы атауын Астана деп өзгерту мәселесі «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заң жобасында қамтылған болатын. 

Астана атауын өзгерту туралы бастаманы «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобы ұсынды. 

«Жаңа Қазақстан» депутаттық тобының ұсынысын Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар бір ауыздан қолдады. 

Өзгелердің жаңалығы