Астана – Алматы пойызының билеттеріне жеңілдіктер жарияланды

Ұлттық тасымалдаушы №3/4 "Нұрлы жол – Алматы-2" бағыты бойынша билеттерге 25% жеңілдік жариялады.

 ҚТЖ 1 Қараша 2026, 02:51
1 Қараша 2026, 02:51
108
Фото: ҚТЖ
 
"Жолаушылар тасымалы" АҚ еліміздегі сұранысқа ие бағыттардың бірінде теміржол билеттеріне арнайы апталық жеңілдік ұсынады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
 
2026 жылғы 2 – 5 қараша аралығында №3/4 "Нұрлы жол – Алматы-2" бағытындағы пойыз билеттерін 25% жеңілдікпен сатып алуға болады. Бұл ұсыныс жолаушыларға Астана мен Алматы қалалары арасында тиімді бағамен сапар шегуге мүмкіндік береді. Билеттерді bilet.railways.kz ресми сайтынан және теміржол вокзалдарының билет кассаларынан сатып алуға болады, – деп жазылған хабарламада.
Наверх