Ассы обсерваториясының жанында қар көшкіні жүрді

11 Ақпан 2024, 13:09
427
Бөлісу:
Ассы обсерваториясының жанында қар көшкіні жүрді
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

11 ақпан күні Алматы облысында қар көшкіні жүрді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Көшкіннің жалпы көлемі 52,5 текше метрді құрады.

Қар көшкіні жүргендіктен «Түрген ауылы- Батан шатқасы» облыстық маңызы бар тас жолы жабылды.

Автожолды тазарту жұмыстарын Қазселденқорғау ММ-нің күштері жүргізуде. Түрген өзенінің арнасы бойымен су қалыпты жағдайда өтіп жатыр. Қаза тапқандар мен қираулар жоқ. Азаматтардың қауіпсіздігі және автокөліктің жол қозғалысының қауіпсіздігі мақсатында жолдың осы учаскесі бойындағы жол 2024 жылғы 1 мамырға дейін Есік қаласы -Есік көлі автожолының 15 километрінен 41 километріне дейін, сонымен қатар Есік және Түрген 20 км Түрген-Батан ауылы-Ассы- обсерваториясы автожолының 41 км дейін жабылды,- деп хабарлайды Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі

Өзгелердің жаңалығы