Ассамблея Сенат депутаттығына кандидаттарды іріктеудің ашық рәсімін әзірлеуі керек

29 Сәуір 2022, 13:18
1434
Бөлісу:
Ассамблея Сенат депутаттығына кандидаттарды іріктеудің ашық рәсімін әзірлеуі керек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ассамблеяның үш негізгі басымдыққа ие болуы қажет екенін айтты.

Біріншіден, саяси реформаларды жүзеге асыруда Ассамблеяның рөлін күшейту. Өздеріңіз білесіздер, биліктің заңнамалық тармағын рефорамасы аясында Ассамблеяның атынан депутаттар қазіргідей Мәжілісте емес, Сенатта болады. Мәжілісте Ассамблеяның квотасын қысқарту демократиялық сайлау стандарттарын сақтауға қатысты бірқатар мәселені шешеді, - деп атап өтті ол. 

Сонымен қатар ҚР Президентінің атап өтуінше,,  Ассамблея атынан келген сенаторлар жалпыұлттық интеграция мен этномәдени әралуандық негізінде Қазақстанның барша этникалық топтары мүдделерінің барша жиынтығын көрсетеді.

 Мұндай модель халықаралық тәжірибе мен Қазақстанның парламенттік жүйесінің ерекшелігін тиісті түрде танытады, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, жаңа фунция мен Сенаттың рөлін ескере отырып, Ассамблеяның депутаттық мандаттарының маңызы арта түседі.

Ассамблея Сенат депутаттығына кандидаттарды іріктеудің тиімді әрі ашық рәсімін әзірлеуі керек. Осы мәселелердің барлығы «Қазақстан халқы Ассамблеясы» туралы жаңартылған заңда көрініс табуы тиіс, - деді Мемлекет басшысы.


 

Өзгелердің жаңалығы