Асқар Умаров ақпарат және қоғамдық даму саласындағы танымал әйелдерді құттықтады

4 Наурыз 2022, 23:15
1408
Бөлісу:
Асқар Умаров ақпарат және қоғамдық даму саласындағы танымал әйелдерді құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Асқар Умаров ақпарат және қоғамдық даму саласындағы танымал әйелдерді құттықтады 8 наурыз Мерекесі күніне орай ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Умаров БАҚ, ҮЕҰ, ҚХА және жастар ұйымдарында жұмыс істейтін ханымдармен кездесті. 

Бұл туралы АҚДМ баспасөз қызметі хабарлады.

Әйелдер біздің Қазақстанның дамуына үлкен үлес қосады. Сіздердің еліміздің әртүрлі салаларындағы қызметтеріңіз соған дәлел болып табылады. Мерекенің алдындағы осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Сіздерді шын жүректен еңбектеріңіз бен отбасы құндылықтарын сақтай білгендеріңіз үшін алғыс білдіремін. Біз Сіздердің сұлулықтарыңызға, еңбекқорлығыңызға, Қазақстан әйелдерінің сүйкімділігіне тәнтіміз, - деді министр. 

Сонымен қатар Асқар Умаров мемлекет қатысатын компаниялардың басқару органдарында әйел адамдардың үлесін біртіндеп 30%-ға дейін өсіру бойынша Мемлекет Басшысы Қ.К.Тоқаев тапсырма бергенін еске салды. Ол бұл тапсырма бойынша белсенді жұмыстың жүргізіліп жатқандығын атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы